Кастинг өткізілді

15 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Бала дауысы» ән байқауының кастингі болып өтті. Бұл жоба елімізде екінші рет өткізілейін деп отыр. Өнерлі балалар республикамыздың әр өңірінен іріктеліп жатыр. Жобаның авторы және бас продюсер Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева.

Кастингке ШҚО-дан 326 бүлдіршін өз өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынады. Бірінші кезеңнен 148 бала өнерлерімен ерекшеленіп, келесі кезеңге өтті. Екінші кезеңде осы өнерлі бүлдіршіндердің ішінен 32 бала іріктеліп алынды. 32 баладан 8 бала алға шықса, сол 8 баланың ішінен 4 бала іріктеліп алынды. Солардың қатарында ауданымыздың мақтанышы Сағындықова Баянсұлу бар. Қатысушылардың өнеріне баға берер әділқазылар қатарында танымал әнші Мақпал Исабекова және «Алау» тобы болды. Өнерлі балаларды іріктеу әділқазыларға оңай болған жоқ. Байқаудың гала-концерті шілде айында «Алматы Аренада» өтеді. Байқауға 5000-ға жуық өнерпаз балалар қатысып, бақтарын сынайды. Осы байқауға қатысып, өнерін көрсеткен «Шығармашылық үйінің» тәрбиеленушісі Баянсұлуға алдағы уақытта өнердің биік шыңдарынан көріне беруіне тілектес екендігімізді білдіріп, шығармашылық табыстар тілейміз.

«Шығармашылық үйі» ұжымы